Өрт былтырғы жылмен салыстырғанда 42 пайызға артқан
Елордада өткен екі жарым айда 64 көлік өртенген. Төтенше жағдайлар депатраментінің дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда 42 пайызға артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай мамандары қала ішінде көліктің өртенуі жиілегеніна алаңдаулы. Оған түрлі себеп бар деп отыр. Көбіне ескі көліктер отқа оранады дейді.