Олар қаулы бойынша мейрамханалардың жұмысын ұзартуды сұрады
Алматыда мейрамхана қожайындары мен қызметкерлері карантин режимінің қатаңдатылғанына қарсылық білдірді. Жеке кәсібін дөңгелеткендер, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақытын ұзартуды талап етті. Себебі кәсіпкерлер қазір қызметкерлерге жалақы төлемек түгілі, ғимаратты жалға алу ақысын төлей алмай жүрміз дейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Өте көп қиыншылықтар көріп жатырмыз. Адамдарды жұмыстан шығару, олардың айлықтарын созып төлеу. Бізге келіп жатқан қонақтар азайып қалды. Себебі жұмыс уақыты қысқартылып тұр. Сегізге дейін жұмыс істе дегенді қарасақ постановление бойынша адамдар жұмысынан 6-да шықса олар кафеге қалай 8 ге қарай барады. Ең болмағанда 12-ге дейін жұмыс істесек», - дейді мейрамхана директоры Талғат Әбдіхалықов.
Кәсіпкерлер ғимаратымыздың жалға алу ақысы мен несиесін төлей алмай отырмыз дейді.
Базынасын жеткізген кәсіпкерлер, бұлацйжалғаса берсе, көлеңкелі бизнестің дәурені жүретінін жасырмайды. Ал қалалық санитарилық мамандар болса, мегаполистағы ахуалдың көңіл көншітпейтінін айтты.