Елімізде коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері бұл індеттен 659 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 57 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 186 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 49 953, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 45 614-ке жетті.