Облыс әкімі дәрігерлерді аудандық ауруханаларда жұмыс істеуге ынталандыруды тапсырды
Шығыс Қазақстан облысында 338 дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов дәрігерлерді аудандық ауруханаларда жұмыс істеуге ынталандыру үшін оларға қанша үй бөлуге болатынын және қанша салу керектігін талдауға тапсырма берді. Бірінші сәуірге дейін қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасы егжей-тегжейлі талдау нәтижесін ұсынуы тиіс.