Облыста қатты жел соғады
Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 наурыз күнгі сағат 20:00-ден 18 наурыз күнгі сағат 20:00-ге дейін Атырау облысының аумағында қатты жел күтілуде. 18 наурызда Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болатыны күтілуде. Атырау қаласында 18 наурызда оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр күшті жел соғады.