Қазақстанда вакцинация туралы мәліметтері бар электрондық паспорт пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қосымшада қазақ және орыс тіліндегі ақпарат көрсетілген

Фото: РИА Новости

Электрондық денсаулық паспортының төлқұжат деректерінде ағылшын тіліндегі транскрипцияны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«Толық циклмен вакцинацияланған адамдар үшін, яғни вакцинаның екі дозасын алған адамдар үшін eGov mobile базасында қазірдің өзінде бұл шешім бар. Егер сіз eGgov mobile пайдаланушысы болсаңыз, сіздің ұялы телефоныңызда қосымша бар болса, сіз өзіңіздің жеке парақшаңызға өте аласыз және онда жеке деректер, цифрлық құжаттар сияқты құрал бар. Онда вакцинация паспорты көрсетілген - сізге вакцина жасалған кезде, қай мекемеде және деректерді енгізген жауапты дәрігер туралы ақпарат жазылады», - деді Ерлан Қиясов.

Қазір қосымшада деректерді ағылшын тіліне аудару функциясы пысықталып жатыр.

«Атап айтқанда, төлқұжат деректері ағылшын тіліне аударылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада бұл іске асырылады. Сонымен қатар, осы қосымшаға кірген кезде, вакцинация паспортынан QR кодын алуға мүмкіндігіңіз бар», - деп түсіндірді бас дәрігер.