Түркістан облысында құдыққа түсіп кеткен адам 2 күннен кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мал іздеуге шыққан

Фото: баспасөз қызметінен

Түркістан облысы Ащысай ауылында жоғалып кеткен тұрғын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 16 наурыз күні Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.

16 наурызда құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған.