ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде мас болып көлік тізгіндеген 44 жүргізуші ұсталды

Елорда да «Құқық тәртібі» атты жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елорда аумағында «Құқық тәртібі» атты жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда криминогендік жағдайды тұрақтандыру. Тәртіп сақшылары есірткілік заттарды жеткізу, сату арналарын анықтау және жол берілмеуіне ерекше көңіл бөледі. Көші-қон полициясының қызметкерлері елордада заңсыз тұрып жатқан шетелдік азаматтарды тексереді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел алдын алу шарасының үш күнінде 59 қылмыс тіркелген, соның ішінде 44-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 31 қылмыс та ашылды. Іздеуде болған 4 қылмыскер ұсталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 17 адам ұсталды. Соның ішінде 10 адам есірткіні заңсыз сақтап жүргені үшін ұсталған.

Осылайша, полиция қызметкрелері «Nissan Tiana» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Көлік салонынан салмағы 994 грамм наша есірткі анықталды. Бұдан басқа, жеке тексеру кезінде ер адамнан салмағы 20 грамға жуық марихуана анықталған. Аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтап жүрген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияда аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралғанын атап өтті.

Шара басталғалы 4 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, соның шінде ұсақ бұзақылық жасаудың 359 фактісі, тыныштық бұзудың 500-ге жуық фактісі, қоғамдық орындарда алкгольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде жүрудің 960 фактісі бар.