$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2021, 03:33
Жаңалықтар

БҚО-да интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды

Олар Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысқан

БҚО-да интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақсай қаласының 2003 жылғы тұрғынынан 11 қорап (пакетик) ақ түсті ұнтақ табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат психотроптық препарат болып шықты. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, аталған тұрғын Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысқан.

Департамент бастығының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігіне (есірткі және психотроптық заттармен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#есірткі #БҚО