Жолаушылар құтқарылып, маршрут бойынша жөнелтілді
Түркістан облысында көктайғақтан жолдың шетіне шығып кеткен жолаушылар тасымалдайтын автобустың жолаушылары құтқарылды. «Шымкент-Түркістан» бағытында шыққан қоғамдық көлікте 57 адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Төрткөл-Шәуілдір» тас жолында көктайғақтан «Сетра» маркалы «Шымкент-Түркістан» жолаушылар тасымалдайтын автобус жолдың шетіне шығып кеткен. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД 5 қызметкері 2 техникамен шығып, автобусты жолдың тазартылған бөлігіне алып шықты. 14 наурызда сағат 01:24-те жолаушылар маршрут бойынша жөнелтілді. Медициналық көмекке қажеті болмады «, - делінген хабарламада.