Ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген

Алматы әуежайның маңында ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен 2 адам Алматы қаласындағы №4 қаалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі 1987 жылы туған адам сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған әскери ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қаласы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.