Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Турнир 17 наурызға дейін жалғасады

11 наурызда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Алдын ала мәлімет бойынша, ұлттық біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса спортшы қатыспақ.

«Биылғы қаңтардан бастап алдағы Азия чемпионатына қарқынды дайындалып жатырмыз. Бүгінде бапкерлер құрлық додасына қатысатын 17 ауыр атлетті таңдап алды. Оның ішінде жеті әйел, он ер адам бар. Қатысушылар есімін ел чемпионаты аяқталған соң жариялаймыз. Бұл жолы да біз жарысты үйреншікті онлайн форматта өткіземіз. Біздің спортымыз үшін бұл нұсқа ыңғайлы. Жарыстың өту барысына айтарлықтай кедергі келтірмейді. Екінші жағына, Азия чемпионаты қарсаңында спортшылардың вирус жұқтырып алу қаупінің алдын алады», - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, турнир 17 наурызға дейін жалғасады.