Минскіден келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

9 наурызда 274 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келген

фото: avianews.com

9 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 27 халықаралық әуе рейсімен 3 279 жолаушы келді. Оның ішінде 3 005 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 274 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.

  • Алматы әуежайына – 13 рейс (2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз – 10).
  • Ақтау әуежайына – 3 рейс (барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген);
  • Шымкент әуежайына – 3 рейс (барлық 282 жолаушы анықтамамен келген);
  • Өскемен әуежайына – 1 рейс (2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Айта кетейік, 8 наурызда шетелден анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласына Минскіден ұшып келген.