Елде COVID-19 вирусынан барлығы 268 370 науқас көз жұмды
Бразилияда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 11 122 429 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бразилияда бір тәулікте 70 764 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Жалпы елде бұл індеттен барлығы 268 370 науқас көз жұмған.