1 тамыздан бері пневмониядан 646 адам қайтыс болды
Қазақстанда пневмониядан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 182 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49577, 646 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43985 жетті.