КВИ таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің екі ірі қаласы мен үш облысы «сары» аймақта тұр

 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 7 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы «сары» аймақта тұрған өңірлер қатарына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, және Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 802 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 218 101 адамға жетті.