Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда 54 пациент өте ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 7 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 18 854 адам короновирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 223 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 5 наурыздағы мәлімет бойынша 52 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 212 адам жазылып шыққан.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 49 556;

өлім жағдайлары – 640;

емделіп шыққандар саны – 43 608.