Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 05.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.