Бұл облыстарда қар жауып, жел соғады
Қазақстанда 9 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ертең түнде және таңтертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Атырау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.