Қоғам белсендісі коронавируспен ауырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы өмірден өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Төлеген Байғұлов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық белсенді болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал Тұлға" бағдарламасының бастамашысы.
«Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық «Адалдық алаңы» кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын, - деп жазды Нұрлан Жахин.