Қазақстанның 2 қаласы мен 5 облысы «сары аймақта» тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, 3 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» орналасқан.

Қалған өңірлердің барлығы «жасыл аймақта».