COVID-19: Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 243 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 243 адамның жағдайы ауыр. Жалпы 19 304 адам коронавирус инфекциясынан (13 303 КВИ+ және 6 001 КВИ-) ем алуда.

Олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында: 243 адамның жағдайы ауыр; 42 пациенттің жағдайы өте ауыр; 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.