Тергеу амалдары жүріп жатыр
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ҚТЖ ұлттық компаниясының Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.