Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді

Автор: Azattyq Rýhy

I курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының аумағында 2021 жылдың 28 ақпандағы № 5 қаулысына сәйкес шектеу шараларына жеңілдіктер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мәселен, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап: 

- цирктердің, бильярд клубтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысы 30%-ға дейінгі толтырылуыммен жұмыс істеуге рұқсат етілді;

- «жұма намазы» мен ас беру рәсіміндерін 30% -ға дейінгі толтырылуымен өткізуге рұқсат берілді», делінген ;

- көрермендермен 20%-ға дейін ғана толтырылуыммен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді», - делінген коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналының хабарламасында.

Оқушылар оқуын келесі тәртіппен жалғастырады:

- дәстүрлі форматта 300 оқушыға дейін, 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде оқыту;

- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-5 (7) сыныптарды қоса алғанда және бітіруші сыныптар үшін аралас оқыту енгізіледі;

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту рұқсат етіледі.

Бұдан басқа колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі.

Барлық жұмыстары қайта жаңғыртылатын объектілерде әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етілуі қажет.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.