Павлодар облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Кинотеатрлардың толымдылығы 20 пайыздан аспауға тиіс

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Павлодар облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев карантиндік шектеулердегі өзгерістер туралы айтты.

«Біз облыста қаулыны республикалық қаулыға сүйеніп қабылдаймыз. Осы жолы сол қаулы бойынша кинотеатрлар жұмысына рұқсат беру жазылған. Алайда, кинотеатрлардың толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс» - деді Батырбек Әлиев.