Түркістан облысында көкпарға 70-тен астам адам жиналған

Автор: Azattyq Rýhy

Мобильдік топ жиналған адамдарды тарқатты

Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғындарды жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сарыағаш ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, көкпар ұйымдастырған тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, Көктерек кентінің қырлы алқабында жергілікті тұрғын жасөспірімдерді жинап «Бата көкпар» жасаған. Мобильдік топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 70 -тен астам адамды жинаған көкпар ұйымдастырушылары жауапқа тартты.