Өткен тәулікте 500-ге жуық қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

25 ақпан күні Қазақстанға 15 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

25 ақпан күні Қазақстан аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ДСМ Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Бір тәулікте елімізге шетелден барлығы 2178 жолаушы ұшып келді. Олардың 1682-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 496-сында анықтама болған жоқ, барлығы да Қазақстан азаматтары. Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 24 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 284 азаматының ПТР-талдауларының нәтижесі дайын болған – ешбір жолаушыда коронавирус табылған жоқ.