Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен коллеждердің 1-курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.