1 тамыздан бері коронавирус пневмониясынан 619 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 211 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49121, 619 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41421 жетті.