Елімізде коронавирустық пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандар саны 615 адамға жетті

Қазақстанда 1 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны 49 мың адамнан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 ақпанда аталған дерттен екі адам көз жұмған. Бір тәулікте 56 адам жұқтырған. Оған қоса, 243 адам емделіп шықты.

Осылайша, 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін барлығы: ауырғандар – 49 047, 615 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41 210 адамға жетті.