23-25 ақпан аралығында еліміздің 11 облысында қар жауады
Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 11 облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
23-24 ақпанда Қостанай облысында қар, 23 ақпанда кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан қатты болуы мүмкін.
23-24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз 23 ақпанда кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23, түнде 24 ақпанда 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болуы мүмкін.
23-24 ақпанда Қостанай облысында қар, 23 ақпанда кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады.
23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы, 25 ақпанда түнде Түркістан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 24 ақпанда бұрқасын болуы ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда екпіні 30 м/с және одан қатты болуы мүмкін. 24 ақпанда ауа температурасының 2 градус аяз және 3 градус жылы, кей жерлерде 5-10 градус аяз болуы, облыстың солтүстік аудандарда 13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
24 ақпанда күндіз, 25 ақпанда түнде Жамбыл облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 25 ақпанда жаяу бұрқасын болады. 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы, түнде және 25 ақпанда таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с және одан қатты болады. 25 ақпанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
24 ақпанда күндіз, 25 ақпанда тәулік бойы Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 25 ақпанда ауа температурасы 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяздан 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
24 ақпанда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында 23 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с.
23-25 ақпанда Атырау облысында жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Ақтөбе қаламында 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын болады.