Көшті Швейцария бастап тұр
2020 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық даму рейтингінде Қазақстан 131 елдің ішінен 77-орын алды деп жазады Ranking.kz. 28,6 индекстік көрсеткішімен біздің ел ЕАЭО елдері арасында тек Қырғызстаннан ғана озды. Ресей, Арменя мен Беларусь біздің алдымызда.
Ал, рейтингтің көшін Швейцария, Швеция және АҚШ бастап тұр.
Аталған рейтинг мемлекеттердің инновациялық дамуын 80 индекстік көрсеткіш бойынша бағалайды. Олардың бәрі негізгі екі топқа бөлінеді:
Алғашқы көрсеткіш бойынша Қазақстан 131 елдің ішінде 60-орын алса, екіншісі бойынша 94-орынға сырғыды.