1 тамыздан бері 612 науқас көз жұмған
20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекция белгісі бар пневмониядан екі адам көз жұмды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, 13 адамнан аталған ауру анықталған.
Ведомствоның мәліметінше, 195 науқас коронавирустық пневмониядан емделіп шыққан.
Осылайша, 1 тамыздан бүгінге дейін барлығы: ауырғандар – 48 983, 612 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40 765 адамға жетті.