Коронавируспен ауырып жатқан 242 адамның халі нашар

Автор: Azattyq Rýhy

43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 242 адамның халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 – КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 242 адамның жағдайы ауыр;
  • 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.