Балалардың ата-анасы қазір қара шаңырақта
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатастағы пәтер өртінен көз жұмған бес баланың ата-анасы мен туыстарына барып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыс әкімі марқұмдардың ата-анасының қара шаңырағы орналасқан Талас ауданы, Үшарал ауылына арнайы барған.
«Бүгін Талас ауданының Үшарал ауылында болдым. Жаңатастағы өрт салдарынан көз жұмған балалардың ата-анасы қазір осындағы қара шаңырағында. Әбдімәліковтер отбасының қайғысына ортақтасып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айттым. Президент тапсырмасына сәйкес, қара жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетілуде»,-деп атап өткен өз жазбасында Бердібек Сапарбаев