Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда қар жауып, жел соғады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сонымен қатар, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 10-15, солтүстікте 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, таулы аймақтарда 30 м/с және одан жоғары болатыны болжанады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-28 м/с артады. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус аяздан 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Сондай-ақ синоптиктер Түркістан мен Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты 20 ақпанда тау бөктерлерінде су ағыны болып, өзендер арналарынан асатынын ескертуде.