Әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі ұсыныс жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желіде әншіні әріптестері мен оқырмандары құттықтап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Қалыңдық атанғаны жайлы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сүйемін! Сүйіктімін! Бақыттымын! Бүгін ең сүйікті ер адамның қалыңдығы атандым», - деп жазды ол инстаграм парақшасында.

Ұсыныс жасаған ер-азаматтың кім екені әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желіде әншіні әріптестері мен оқырмандары құттықтап жатыр.

«Макося, жаным, шын жүректен құттықтаймын! Бақытты бол!», - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келді. SuperStarKZ жобасы арқылы көпшілікке танылды. 2004 жылы «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.