Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылғы алғашқы зымыран ұшырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Прогресс MS-16 GTK Халықаралық ғарыш станциясы бағдарламасы аясында ұшырылды

Фото: ашық дереккөзден

Байқоңырдан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10.45.07 №31 алаңынан «Прогресс МС-16» жүк тасымалдағыш кемесімен «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КазТаг агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл - 2021 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған алғашқы зымыран.

«Прогресс МС-16» ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясымен түйістіру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17 ақпанда сағат 12.19 (+ -) 3 минутта жоспарланған.

Прогресс MS-16 GTK-ны ұшыру Халықаралық ғарыш станциясы бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ресейлік жүк көлігі халықаралық станцияға 2,5 тонна жүк жеткізеді, оның ішінде: Халықаралық ғарыш станциясы орбитасын ұстап тұру үшін 600 кг жанармай, ғарышкерлерге арналған тамақ, су, ауа және сәлемдемелер, Родник жүйесіне арналған 420 литр ауыз су, сонымен қатар тәжірибе жүргізу үшін станцияны қайта жабдықтауға арналған арнайы қондырғылар бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Халықаралық ғарыш станциясында 64-ші экспедиция экипажы жұмыс істеп жатыр, құрамында: ХҒС командирі Сергей Рыжиков (Ресей), бортинженерлер Сергей Куд-Сверчков (Ресей), Кэтлин Рубинс, Майкл Хопкинс, Виктор Гловер, Шеннон Уолкер ( барлығы - АҚШ), Соичи Ногучи (Жапония) бар.