Қазақстанға 15 халықаралық әуе рейсі келді
13 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
2 242 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ел азаматы келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 12 ақпанында шетелден анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.