Өскеменде пара алған үш полицей 7 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушілерінен ақша талап еткен

Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде пара алған үш полицей 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өскемен қалалық соты пара алған және алаяқтың әрекеттері үшін айыпталған 3 полиция қызметкеріне үкім шығарды. Полиция қызметкерлеріне 2020 жылдың 20-26 маусымы аралығында парақорлық және алаяқтың (алдын ала келісіп алдау және сенімді теріс пайдалау жолымен мүліктік залал келтіру, жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушілерінен қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін ақша талап етті) әрекетке барды деп айып тағылған болатын. Сот процессінде күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Өскемен қалалық соты патрульдік полиция батальонының екі инспекторын жеті жарым жылға, үшінші полиция қызметкерін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.