Шектеу шаралары 1 наурызға дейін ұзартылды
Байқоңыр қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын шектеу шаралары режимі 2021 жылдың 1 наурызында сағат 00: 00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ресейдің ФМБА Байқоңыр кешені облыстық әкімшілігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, соңғы екі аптадағы эпидемиологиялық жағдай алдыңғы кезеңмен салыстырғанда нашарлап кеткен. Бүгінгі күні ғарыш кешені аумағында COVID-19 жұқтырғандар саны 1223 адамға жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы екі аптада ауру саны 37 адамға көбейгендігін білдіреді. Жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан азаматтардың да саны өсіп, 13 адамға жеткен. Бір өлім жағдай тіркелген. Байқоңыр қаласының аумағында барлық шектеу күшінде қалады.