Коронавирустан емделіп жатқан 46 адамның жағдайы өте ауыр - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 24 200 адам (15 011 КВИ+ және 9 189 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 5 230 пациент стационарда, 18 970 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 244 адамның жағдайы ауыр;

• 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.