Алматыда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогі өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Халықаралық дода 11-13 ақпан күндері өтеді деп жоспарланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған халықаралық дода 11-13 ақпан күндеріне жоспарланған. Шаңғышылар «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетерлігі, Шығыс Еуропа кубогіне Қазақстанмен қатар, Қырғызстан, Марокко және Ресей елдерінен спортшылар қатысады.