8 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

8 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, 30 м/с артуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Екпіні 23-28 м/с артады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің күші 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Алматы, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.