Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 8 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда 48 науқас өте ауыр жағдайда жатыр

 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

7 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 107 адам короновирус инфекциясынан (16 616 КВИ+ және 10 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 771 пациент – стационарда, 21 336 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 269 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.