7 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады

Фото: ашық дереккөзден

7 ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 23-28 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.