Нұр-Сұлтанда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Автор: Azattyq Rýhy

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныса аласыз

Фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап елордадағы № 46, 70 қоғамдық көліктердің қозғалыс бағдарлары өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олар 38-көше бойымен жүреді (Кекілбайұлы көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейін). Бағдарлар «Nova City» Т/К және «Комфорт таун» Т/К аялдамаларында тоқтайды. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныса аласыз», – делінген хабарламада.