Жалпы, Қазақстан қазіргі таңда «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтіп отыр
Қазақстанда 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрицаға сәйкес, Ақмола және Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр.
Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары – «сары» аймақта.
Өзге өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта тұр.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтіп отыр.