Қауіпті вируспен ауырып жатқан 47 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 6 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сүйенсек, 27 200 адам короновирус инфекциясынан (16 499 КВИ+ және 10 701 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 271 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.