ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Маңғыстау облысында басқарма басшыларының бірі ұсталды

Ол коронавируспен күреске бөлінген қаржыдан медициналық жабдықтар сатып алуды жөн көрген

көрнекі фото

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша бірқатар деректерді жариялады.

«Мәселен, Маңғыстау облысында өткен аптада Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталды, ол облыс аумағында COVID-19 инфекциясының алдын алу және таратпау бойынша бөлінген қаражат аясында медициналық жабдықтар сатып алуды жөн көрген», - деді ол.

Еске сала кетейік, жақындар әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Онда басқарма басшысының 2020 жылдың тамыз айында қызметтік өкілеттігін пайдаланып, «Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар» бағдарламасы аясында медициналық техниканы көтеріңкі бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасағаны, сондай-ақ жылжымалы 3 рентген аппаратын сатып алғаны, сол арқылы мемлекетке 63 миллион теңге залал келтіргені айтылған.